Түркия Ататүрік мүсініне жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы Ататүрік мүсініне жасалған шабуылды айыптады.

1445731
Түркия Ататүрік мүсініне жасалған шабуылды айыптады

Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшілік ғимараты алдындағы Ататүрік мүсініне жасалған шабуылға наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Вашингтондағы өкілетті елшілік ғимараты алдындағы Ататүрік мүсініне ілінген шүберектер жайлы сұраққа жазбаша жауап қайтарды.

Шабуылды айыптаған Аксой «Әлем тарихындағы ерекше тұғыры белгілі республикамыздың құрушысы ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің әруағы мен данқты тарихымызға бұндай жаман әрекеттермен кір жаға алмайтыны белгілі. Бұл опасыз шабуылдың күдіктілері жайлы тергеу ашу үшін Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшілігі тарапынан АҚШ мекемелері алдында қажетті шағымдар жасалды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар