Түркия электрлі пойызын жылдың соңында сынақтан өткізеді

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу мәлімдеме жасады.

1445598
Түркия электрлі пойызын жылдың соңында сынақтан өткізеді
milli tren 1.jpg
Tren1.jpg

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу электр қуатымен жүретін отандық пойыздың биылдың соңында темір жол сынағынан өткізелетінін білдірді.

Караисмаилоғлу Сакарияда алғашқы электр жүйелі пойыздың зауыттағы сынақтарын бастау рәсімінде қатысып, темір жолы технологиясында отандық көліктердің өндірісімен басылған қадамдарды жалғастыратындарын атап көрсетті. Министр Караисмаилоғлу «Максатымыз Түркияның темір жолы көліктерін өндіру саласында маңызды орталыққа айналуы» деді.

Отандық пойыз бөлшектерін сағатына 160 шақырымдық кәсіптік шыдамдылыққа, 176 шақырымдық жобалық жылдамдықта өндірілгенін түсіндірген Караисмаилоғлу жол қауіпсіздігінен бастап, жолаушының көңілінен шығу және комфорnтық тұрғыдан талаптарды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін ерекшелігі бар екенін атап көрсетті.

Карасмаилоғлу 5 көліктен тұратын комлекттің жалпы 324 орындықты екенін және осылардың екеуінің мүгедек жолаушыларға бөлінгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар