Министр Челчук Үлкен жиырмалық саммитіне қатысты

Министр Зия Селчук Үлкен жиырмалық Ұлттық Білім және ғылым министрлері жиналысында түсіндірді.

1444708
Министр Челчук Үлкен жиырмалық саммитіне қатысты

Ұлттық Білім және ғылым министрі Зия Селчук Түркияның эпидемия кезеңінде оқу саласында басқан қадамдарын Үлкен жиырмалық Ұлттық Білім және ғылым министрлері жиналысында түсіндірді.

Үлкен жиырмалық Ұлттық Білім және ғылым министрлерінің жаңа тип коронавирус (Сovid-19) тақырыпты жиналысы видео конференция арқылы жүзеге асты.

Жиналысқа Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Әлемдік Банк өкілдері қатысты.

Жиналыста сөз алған Ұлттық Білім және ғылым министрі Селчук эпидемияның алдын алу үшін Түркияда барлық мектептер мен университеттерде бетпе-бет оқуға наурыз айында үзіліс берілгенін оқушыларға бағыттап, онлайн оқуға көшкендерін атап көрсетті.

Ұлттық Білім және ғылым министрі Зия Селчук эпидемия кезеңінде салалар арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды екенін еске салып, «Мысалы Түркияда оқу саласы бет перде, бет қалқаны, медициналық киімдер және дезинфекция материалдары өндіріп, эпидемиямен күресте денсаулық сақтау саласына қолдау берді. Қазірге дейін 30 миллионға жуық бет перде кәсібі және техникалық лицейлеріміз тарапынан өндірілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар