Ирактың солтүстігінде 1 әскер шәйіт болды

Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Каплан» операциясы аймағында 1 әскер шәйіт болды.

1444770
Ирактың солтүстігінде 1 әскер шәйіт болды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Пенче-Каплан операциясы аймағында 2020 жылы 20 маусым күні террористтермен шыққан қақтығыста бір батыр бауырымыз шәйіт болды» делінді.

Мәлімдемеде шәйітке Алланың рақымы, жанұясы, Түрік Қарулы күштеріне және түрік ұлтына көңіл айтылды.

Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында жалғасқан операцияларда анықталған 1 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар