ТИКА Тайландқа жәрдем жолдады

ТИКА Тайландта жаңа типті коронавирус себепті қиыншылық көрген отбасыларға азық-түлік материалдары жәрдемін жеткізді.

1442608
ТИКА Тайландқа жәрдем жолдады

Түрік Ынтымақтастық және өркендеу агенттігі ТИКА Тайландтың оңтүстігінде жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті себепті тұрмыста қиыншылық көрген отбасыларға азық-түлік материалдары жәрдемін жеткізді. 

ТИКА Түркияның Бангкоктағы өкілетті елшілігі мен Тайланд Шейхулислам ұйымына қарасты Орталық Ислам кеңесінің координациясымен жасалған жәрдем аясында Сонкла қаласы мен төңірегіндегі 1200 отбасына негіздік азық-түлік материалдары таратылды. 

Азық-түлікті таратуға қатысқан Орталық Ислам кеңесінің (CICOT) Бас хатшысы, Тайланд-Түркия Парламенттерарасы Достық тобының мүшесі Др. Сурин Палареа мұсылман қоғамына қолдауына орай ТИКА-ға және Түркия елшілігіне алғыс айтты.

Түркияның Бангкоктағы өкілетті елшісі Еврен Дагделен Акгун ТИКА-ның аймақтағы жәрдемдерінің маңыздылығына назар аударып:

"Жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті барлық елге нашар әсер жасаған кезеңде тайландтық достарға ТИКА арқылы Түркиядан сүйіспеншілікпен жәрдем жолдағанымызға бақыттымыз.  Жәрдем материалдарымыз қиыншылық тартқан күндерде географиялық жақтан алыс болса да, Тайландпен арамыздағы тәуелділіктің көңілімізде бекемделуіне дәнекер болды" деді.  



Ұқсас жаңалықтар