Чавушоғлұ Израильге ескерту жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Израильге Батыс Шерияны жаулап алу жоспарын доғаруы жайлы үндеу тастады.

1442931
Чавушоғлұ Израильге ескерту жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Израильге Батыс Шерияны жаулап алу жоспарын доғаруы жайлы үндеу тастады. 

Чавушоғлұ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль-Палестина мәселесін және Израильдің қысымы астындағы Батыс Шерияны жаулап алу жоспары талқыланған сессияға жазбаша бір мәлімдеме жіберді. 

Чавушоғлұ Израильдің қысым атындағы заңсыз елді мекендерінің халықаралық құыққа қайшы екеніне және екі мемлекеттік шешім аясында кең көлемді бейбітшіліктің  алдындағы ең үлкен тосқауылдың бірі екеніне назар аударды. Чавушоғлұ бейуаз халықтарға қарсы шексіз күш қолданудың, Иерусалимнің мәртебесін төмендетуге бағытталған әрекеттердің және Газада қырғын жасаудың Палестинаның негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне зиян тигізу екенін атап өтті.  

Чавушоғлұ "Израиль соңғы бірнеше жылдан бері қысым астындағы Палестина территорияларында заңсыз елді мекендерін кеңейтті. Халықаралық ұйым Израильдің заңсыз елді мекендерді тіпті де кеңейтуін тосу үшін әртүрлі талпыныс көрсетуге мәжбүр" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлұ "Израиль үкіметіне заңсыз елді мекендерін кеңейтуін тоқтатуы және жаулау жоспарын дереу доғаруы жайлы үндеу тастаймыз" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар