Исламға қауіп деп қарауды доғару керек

Алтун мұсылмандарға қарсы жікшілдіктің тек Еуропаның проблемасы еместігін тілге тиек етті.

1440810
Исламға қауіп деп қарауды доғару керек

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун еуропалық елдер,  қоғам жетекшілері мен шешім берушілердің Исламға қауіпсіздікке қатер деп, мұсылмандарға да қылмыскер деп қарауды доғаруы керектігін айтты. 

Алтун Саясат,  экономика және қоғамдық зерттеу фондының “2019 Еуропа Исламофобия зерттеуінің нәтижесі” атты вебинарға қатысты. Алтун осында мұсылмандарға қарсы жікшілдіктің тек Еуропаның проблемасы еместігін тілге тиек етті. “Оңтүстік шығыс Азиядан Америка Құрама Штаттарына дейін барлық жерде адамдардың өміріне қауіп төндірген жаһандық қатер туралы айтып отырмыз. Мысалы Үндістанда жыл сайын мыңдаған адам үнді ұлтшылдарының мұсылман халыққа бағытталған қорлықтарынан өлтіріледі немесе жарақат алады.  Мьянмада Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты болған саясат қайраткері мұсылмандарға бағытталған қырғында белсенді рол ойнады. Жаңа Зеландияда ұшқары оңшыл террорист өткен жылы мешітте ондаған адамды өлтірді” деді ол. 

Алтун: “Еуропа мұсылмандарды қылмыскер ретінде көруден бас тартуы керек” деді.



Ұқсас жаңалықтар