Чавушоғлұ Доминик Раабқа көңіл айтты

Мәвлүт Чавушоғлұ пышақты шабуылда қаза тапқандар үшін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Раабқа көңіл айтты.

1440775
Чавушоғлұ Доминик Раабқа көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ұлыбританияның астанасы Лондон маңындағы бір қалашықта сенбі күні ұйымдастырылған пышақты шабуылда қаза тапқандар үшін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Раабқа көңіл айтты. 

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда Чавушоғлұ Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Раабпен телефон арқылы сөйлесті. 

Телефонда Чавушоғлұ Раабқа пышақты шабуыл хабарына қатты қайғырғанын білдіріп, шабуылда қаза тапқандардың отбастарының қайғыларын бөліскенін жеткізді. 

Рааб та көңіл айтқаны үшін Чавушоғлұна алғыс айтты. 

Лондонға мөлшермен 60 шақырымдық қашықтықтағы Рединг қалашығында сенбі күні кеште ұйымдастырылған пышақты  шабуылда 3 адам қаза тапқан және 3 адам жарақат алған еді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар