Түркия Мостар келісіміне риза

Түркия Босния және Герцоговинаның Мостар қаласында жергілікті сайлау тақырыбында келісімге барғанына риза болғанын жариялады.

1438962
Түркия Мостар келісіміне риза

Түркия Босния және Герцоговинаның Мостар қаласында жергілікті сайлау тақырыбында келісімге барғанына риза болғанын жариялады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Мостарда 12 жылдан кейін алғаш рет сайлау өткізілуі үшін құқықтық реттеу тақырыбында тараптар арасында келісімге баруына ризамыз" делінді. 

Мәлімдемеде келісімнің Босния және Герцоговинада демократиялық жүйенің атқарылуы, Балкандағы тұрақтылық және демократиялық процестің тұрақты болуы тұрғысынан өте маңызды екені түсіндіріліп, "Мемлекетіміз Босния және Герцоговинаның  береке-бірлік ішінде дамуы және байлығы үшін жүргізілген жұмыстарға қолдауын жалғастырады" деген сөздерге орын берілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар