Нью-Йорктан арнайы ұшақ ұшады

Нью-Йорк бас консулдығы Түрік Әуе жолдарының ертең Нью-Йорктан Стамбулға арнайы рейс игеретінін хабарлады.

1436940
Нью-Йорктан арнайы ұшақ ұшады

Түркияның Нью-Йорк бас консулдығы Түрік Әуе жолдарының ертең Нью-Йорктан Стамбулға арнайы рейс игеретінін хабарлады. 

Түрік Әуе жолдары коронавирус пандемиясы себебімен Америка Құрама Штаттарында қалып қойған түрік азаматтарын елге жеткізу үшін арнайы рейстерін жалғастыруда. 

Түркияның Нью-Йорктағы бас консулдығының хабарламасына қарағанда, “Түрік Әуе жолдары THY тарапынан 17 маусым сәрсенбі күні Стамбулға арнайы рейс жоспарланып отыр” деп айтылды. Билетті THY орталығы мен nycinfo@thy.com  э-пошта адресі және THY Нью-Йорк кеңсесінен алуға болады. 

Сovid-19 белгілері бар азаматтар немесе бұрын коронавируспен ауырған азаматтар рейске қабылданбайды. 

Түрік авиакомпаниясы 15 мамырда Нью-Йорк және Чикагодан, 16 мамыр күні Хьюстоннан және 17 мамыр күні де Майамиден арнайы рейс игерген болатын.



Ұқсас жаңалықтар