Түркияның Бингөл провинциясында жер сілкінісі болды
Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында 5,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында 5,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінде бір күзетші шейіт болды.
Апат және төтенше жағдай басқармасының мағлұматына қарағанда жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 17:24-те болған. Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Зілзаладан кейін ауруханаға апарылған 21 адамның үшеуінің ауруханадан шыққаны және 18 адамның емделіп жатқаны мәлімденді.
Президент Режеп Тайып Ердоған шейіт болған күзетшінің отбасына телефон шалып, көңіл айтты.
Ердоған зілзаладан зардап шеккен басқа азаматтармен телефон арқылы сөйлесіп, көңілдерін жұбатты.
Президент орынбасары Фуат Октай, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Қоршаған орта және қала құрылыс министрі Мұрат Курум жер сілкінісі болған Бингөл провинциясына барды.