Сииртте 4 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1435497
Сииртте 4 террорист залалсыздандырылды

Сиирттің Эрух-Джираф аймағы маңында залалсыздандырылған террорист саны 4-ке жетті.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде ішкі қауіпсіздік операциялары аясында Сииртке қарасты Эрух-Джираф аймағы маңында қалалық жандармерия қолбасшылығы жүргізген операцияда тағы 2 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Аталмыш аймақта мұның алдында жасалған операцияда да 2 террорист залалсыздандырылған болатын. Соңғы операциямен бірге залалсыздандырылған террорист саны 4-ке жетті.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу твиттерден жасаған мәлімдемесінде «Сиирттің Эрух-Джираф аймағындағы операция жалғасуда. Губернатор, Қалалық жандармерия қолбасшысы және пидақор қауіпсіздік қызметкерлерімен қазір ғана әңгімелестім. Олар тағы екі террористтің залалсыздандырылғанын жеткізді. Қазірше залалсыздандырылған террорист саны 4 болды...» деді.



Ұқсас жаңалықтар