Түркияда бір күнде 17 адам қайтыс болды

Әрі өлім-жітім саны, әрі вирус жұқтыру саны азайып келеді.

1434259
Түркияда бір күнде 17 адам қайтыс болды

Түркияның коронавируспен күресінде әрі өлім-жітім саны, әрі вирус жұқтыру саны азайып келеді. 

Соңғы 24 сағатта вирустан 17 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 4 мың 763-ке жетті. 

Бір күнде 49 мың 190 сынама жүргізіліп,  987 жаңа диагноз қойылды. 

Ауруханадан шыққан 1 021 адамды қосқанда, сауығып кеткендердің саны 147 мың 860-қа жетті.



Ұқсас жаңалықтар