128 елден 80 мың азамат елге әкелінді

Өмер Челик жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті басталғаннан бері 128 елден 80 мың азаматтың Түркияға әкелінгенін айтты.

1431921
128 елден 80 мың азамат елге әкелінді

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті басталғаннан бері 128 елден 80 мың азаматтың Түркияға әкелінгенін айтты.

Өмер Челик президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған төрағалығында бас қосқан Әділет және даму партиясы Орталық шешім және әкімшілік кеңесіне байланысты баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Челик жиналыстағы сөзінде 1 маусымға дейін шетелде індет себепті қайтыс болған 558 азаматтың 454-інің мәйіті Түркияға әкелінгенін білдірді.

Жиналыста Еуропадағы нәсілшіл шабуылдарға да тоқталған Челик:

"Еуропада жыл басынан маусымға дейін 65 рет нәсілшіл және Исламға қарсы оқиға туылды және мұның 38-і Түрік мешітіне және мешіт қоғамдарына бағытталды. Осындай фашистік әрекеттерге көз жұмғандар соңында олармен бетпе-бет келетін болады" деді. 

Өмер Челик Грекия Қорғаныс министрінің "соғысқа дайынбыз" деген сөздеріне байланысты:

"Мұндай нашар қалжың айтпаңыз. Бұл қалжыңдарға жауап беретін боласыз" деген бағаландыру жасады.  



Ұқсас жаңалықтар