Түркия Андорраға медициналық жәрдем жолдады

Түркия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес процесінде Андорра еліне медициналық жәрдем жолдады.

1429728
Түркия Андорраға медициналық жәрдем жолдады

Түркия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес процесінде Андорра еліне медициналық жәрдем жолдады.

Түркияның Мадридтегі өкілетті елшісі Жихад Ергинай мен Барселонадағы Бас консулы Гушлу Калафат жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте қолданылатын жүз маскалары толтырылған құтыларды Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убах Фондқа тапсырып берді. 

Мадридтегі өкілетті елшілігі мен Барселонадағы Бас консулының әлеуметтік желісінде:

"Түркия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес процесінде халықаралық ұйымшылдықтың көшбасшысы болуды жалғастыруда" деген хабар жарияланды. 

Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убах Фонд та әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде:

"Түркия Сыртқы істер министрлігіне және Дилма текстильге маска жәрдемдері үшін алғыс айтамыз" деді.  



Ұқсас жаңалықтар