Өлім-жітім азайып келеді

Соңғы 24 сағатта вирустан 18 адам қайтыс болды.

1430385
Өлім-жітім азайып келеді

Түркияның коронавирустың жаңа түрімен күресінде әрі өлім-жітім,  әрі вирус жұқтыру саны азайып келеді. 

Соңғы 24 сағатта вирустан 18 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 4 мың 648-ге жетті. 

Бір тәулікте 57 мың 829 сынама жүргізіліп, жаңа 930 диагноз қойылды. 

Ауруханадан шыққан 1 622 адамды қосқанды ауруды жеңгендердің саны 133 мың 400-ге жетті. 

Осы арада Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа соңғы бір айда қайтыс болғандардың жас орташасының 74,6 екенін,  өлім-жітімнің 93 пайызының 65 жастан үлкен азаматтардан тұратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар