Ердоған Миллет бақтарының топтық ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған ашылу рәсімінде үн қатты.

1430402
Ердоған Миллет бақтарының топтық ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған соңғы бірнеше күнде ливиялық бауырларының көтерілісшілерге қарсы күресінде нысанаға алынған жоспарға бірге жақындағанын жариялады.

Миллет (ұлт) бақтарының топтық ашылу рәсіміне қатысқан Режеп Тайып Ердоған «Республиканың жылдығы жақындағанда (2023) 81 қаламызда 81 миллион текше метрлік Миллет бағы ашу нысанамызға қадамдап жақындаудамыз» деді.

Ердоған 2023 жылға дейін 81 қаланы толығымен Миллет бақтарымен қамтамасыз етеміз» деді.

Жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күресте Түркия ортаға қойған табысқа тоқталған Ердоған «Біз эпидемия кезеңінде үлкен мемлекет екенімізді Құдайға шүкір бүкіл әлемге көрсеттік» деді.

Ливияда көтерісшіл Халифа Хафтерге қарсы табысты күреске де назар аударған президент Ердоған «Соңғы бірнеше күнде ливиялық бауырларымыздың көтерілісшілерге бағытталған  күресінде бірге қозғалып, нысанаға жақындадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар