Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасады

Түркияның террорға қарсы жүргізген күресі табандылықпен жалғасады.

1428472
Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасады

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі (ҰҚК) Түркияның террорға қарсы жүргізген күрестің табандылықпен жалғасатынын жариялады.

ҰҚК кеше президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналды. Жиналыстың артынан жарияланған декларацияда «Еліміздің құрлықта, теңізде және әуедегі құқығы, байланысы мен мүдделерін қорғаудың жалғастырылатыны атап көрсетіледі» делінді.

Мәлімдемеде Ұлттық бірлік пен ынтымақтастық және болашағымызға қауіп төндірген PKK/KCK-PYD/YPG, ДАИШ және ФЕТӨ-ден бастап барлық террор ұйымдарына қарсы ел көлемінде және шетелде террорға қарсы жүргізілген күрестің табандылықпен жалғасатыны баса айтылды.

Сирияның шекара тұтастығын қорғау және аймақтың террордан тазаланып, сириялықтардың елдеріне «абыройлы, өз еріктері және қауіпсіз» түрде оралуы үшін жүргізілген көп тұсты жұмыстардың да табандылықпен жалғасқанына назар аударылды.

Мәлімдемеде Түркияның Жерорта теңізіндегі жұмыстары тақырыбында заңды қадамдарымен байланысты «Түркияға қарсы ортақ мүдделері үшін бас қосқан кейбір актерлер еліміздің Жерорта теңізіндегі заңды қадамдарына қарсы жағымсыз көзқарастарын ортаға қоюда. Еліміз құрлықта, теңізде және әуеде өз құқығын, күші мен мүдделерін қорғауды жалғастырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қабылданған заңды үкіметтің Ливияның саяси бірлігі мен шекара тұтастығын қорғап, ел көлемінде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін ортаға қойған талпынысына Түркия берген әскери кеңесшілік қызметі жалғасады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар