Ердоған жұмысын Анкарада жалғастырады

Ердоғанның сәрсенбі күні Әділет және даму партиясының Орталық Атқару кеңесі жиналысына, бейсенбі күні Президенттік сарайда Кабинет жиналысына төрағалық жасауы күтіліп отыр.

1426797
Ердоған жұмысын Анкарада жалғастырады

Президент Режеп Тайып Ердоған екі жарым айдан кейін астана Анкараға қайтады.

Стамбұлда екі айдан астам уақыттан бері жұмыстарын жалғастырып келген президент Ердоғанның жаңа аптада жұмысын астана Анкарада жалғастыруы күтілуде.

Ердоғанның сәрсенбі күні Әділет және даму партиясының Орталық Атқару кеңесінің жиналысына, бейсенбі күні Президенттік сарайда Кабинет жиналысына төрағалық жасауы күтіліп отыр.

Бетпе-бет өтетін жиналыстарда бастысы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес тақырыбы қаралады, басылған қадамдардан кейінгі санды мәліметтер зерттеледі. Жаңа қадамдар үшін көзқарас алмастырылады.

Ливия мен Сириядағы оқиғалар да жиналыстарда талқыланатын тақырыптар арасында. 

Шығыс Жерорта теңізінде алдағы кезеңде болатын оқиғалар үшін дайындық жасалады. Идлибте Ресеймен жалғасқан бақылаулар мен майдандағы жағдайлар бағаландырылады. 



Ұқсас жаңалықтар