Опасыз шабуылда 2 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Хаккариде террористтердің опасыз шабуылында 2 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды.

1426383
Опасыз шабуылда 2 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Хаккариде террористтердің опасыз шабуылында 2 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды.

Чукурджа ауданында күзет қызметін атқарған қауіпсіздік күштерін нысанаға алған опасыз шабуылда бір әскер де жарақат алды.

Диярбакырда болса «тоқта» деген ескертуге бағынбаған бір адамның қарулы шабуылы салдарынан ауыр жарақат алған полиция қызметкері Атакан Арслан ауруханада шәйіт болды.

Президент Режеп Тайып Ердоған шәйіт болған қауіпсіздік қызметкері үшін көңіл айтты.

Ердоған шәйіттерге Алланың рақымын тілеп, жанұясына көңіл айтқан хабарламасында «Елімізге бағытталған террор қаупі жойылып, соңғы террористтің көзі құртылғанша террормен күресіміз жалғасады. Раббым батыр қауіпсіздік күштерімізді жарылғасын» деді.

Шәйіттер үшін вице-президент Фуат Октай, Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу және Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар да көңіл айту жеделхаты жариялады.



Ұқсас жаңалықтар