Түркия  Парагвайдағы балаларға киім-кешек берді

Түркия Парагвайда қарауға мұқтаж болған 60 балаға киім-кешек жағынан жәрдем берді.

1424873
Түркия  Парагвайдағы балаларға киім-кешек берді

Түркия Парагвайда қарауға мұқтаж болған 60 балаға киім-кешек жағынан жәрдем берді. 

Түркияның Парагвайдағы елшілігінен жасалған мәлімдемеде Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен жасалған қыстық киімдері арасында балалар киімдерінің болғанын және қарауға мұқтаж болған 60 балаға киім жәрдемі берілгенін білдірді. 

Түркияның сол елдегі өкілетті және төтенше елшісі Армаган Инжи Эрсой астана Асунсьондағы қорғауға мұқтаж баладар тұрған Ньмди орталығы мен Асунсьонға мөлшермен 180 шақырым қашықтықтағы Каагуасу қаласында балалар үшін салынған Пунта Пора орталығына қыстық киім жәрдемінің берілгенін айтты. 

Эрсой Ньмдидегі балаларға 23 сәуірде де азық-түлік жәрдемі жасалғанын білдірді. 


Этикеттер: #ТИКА , #жәрдем , #бала

Ұқсас жаңалықтар