Президент Ердоған кейбір басшыларды айт мерекесімен құттықтады

Ердоған Иран, Пәкістан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Оман сұлтандығы басшыларымен телефонда сөйлесті.

1423042
Президент Ердоған кейбір басшыларды айт мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ораза айтқа орай кейбір елдердің басшыларымен телефонда әңгімелесті.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, президент Ердоған Иран президенті Хасан Рухани, Пәкістан президенті Ариф Алви, Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Оман Сұлтаны Хейсем ибн-Тарыкпен телефонда сөйлесті.

Басшылар бірін-бірі айт мерекесімен құттықтады, жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күресте ынтымақтастық және эпидемиядан кейінгі кезеңде басылатын қадамдар, екі жақты қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптар қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар