Түркия дағдарыстан ең аз зиянмен шықты

Президент "Жаңа тәртіпке өтеміз" деді.

1422111
Түркия дағдарыстан ең аз зиянмен шықты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның коронавирус эпидемиясы дағдарысынан аз зиянмен шыққанын айтты. 

Ердоған Әділет және даму партиясы Қалалық басшыларымен видео конференция арқылы бас қосты. 

“Абайлап жүруді жалғастырамыз. Ең кішкентай ғана ереже бұзушылық эпидемияның қайта өршуіне жол ашуы мүмкін” деді ол.

Ердоған қабылданған сақтық шаралары жол ашқан экономикалық,  әлеуметтік,  гуманитарлық қиыншылықтардың жойылуы тақырыбында табысты процес басқарғандарын білдіріп, “Түркия ретінде тек өз территориямызда ғана осы эпидемияны жеңуіміз жетпейді,  жақын төңірегіміз секілді әлемнің басқа жерлерінде де жойылуы керек,  сонда ғана тыныш өмір сүреміз” деді. 

Президент Ердоған Түркияда және әлемде бір мезгіл күнделікті тұрмысты жаңа ережелерге сай қайта қалпына келтіру керек екенін қайталады. Министрліктер мен басқа да органдардың эпиядемия процесін басқаруды көп жұмыстанғанын айтқан президент: “Маска кию, әлеуметтік қашықтық,  гигиена ережелеріне бағыну деп айтуға болатын жаңа тәртіпке өтеміз” деді.



Ұқсас жаңалықтар