Ораза айтта ережеге бағынсақ, артынан еркіндік келеді

“Вирус жұқтыру саны мыңнан аз болғанда, бұл түбегейлі табыстың ишараты болмақ” деді министр.

1420710
Ораза айтта ережеге бағынсақ, артынан еркіндік келеді

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирусқа қарсы қолданылған шараларды қоғамның жалпы қабылдағанын айтты. 

Министр Кожа Ғылыми кеңестің жиналысынан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол коронавирусқа қарсы күрестің жақын уақыттағы ең ірі мобилизация екенін білдірді. “Вирус жұқтыру саны мыңнан аз болғанда, бұл түбегейлі табыстың ишараты болмақ” деді ол. Министр Ораза айтта сақтық шараларына толығымен бағынған жағдайда,  артынан еркіндік келетінін айтты. 

Вируспен күрестің әлі қанша жалғасатынын білмейтіндіктен өмірді қайта жоспарлағандарын баяндаған министр “Риск әлі ортада.  Жаңа науқас санының азаюы кепілдік емес. Көшеге маскасыз шықпау керек, әлеуметтік қашықтық ережесіне бағыну керек. Күрестің бірінші кезеңінде табысқа жеттік,  ендігі кезеңде де табысқа жететінімізге кәміл сенемін” деді. 

Жұмыс орындарында жаңа ережелерді көрсететін жарқағаз және жол көрсетуші болатынын білдірген Кожа азаматтардың мобильдік қосымшадан алынатын код арқылы жүріп тұруына болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар