Германиядағы түріктердің мешітіне опасыз шабуыл

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1419447
Германиядағы түріктердің мешітіне опасыз шабуыл

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Германияның Штутгарт қаласы маңында бір мешіттің қақпасына доңыздың басын іліп, жасалған шабуылды айыптады.

Чавушоғлу шабуылдың Еуропадағы нәсілшіл және Ислам дұшпандығының соңғы көрінісі екенін атап көрсетті.

Чавушоғлу твиттерден жасаған хабарламада «Қасиетті ораза ай мен эпидемия кезеңінде Еуропағы нәсілшіл және Ислам дұшпандығының жалғасқанына куә болдық. Германиядағы мешітімізге  бағытталған бұл опасыз шабуыл мұның соңғы дәлелі. Бұл шабуылда қолданылған символ негізінде саналарындағы аурудың ортаға шығуы. Бұл оқиғаның күдіктілерінің тез арада ұсталуын талап етеміз» деді.

Германияның Штутгарт қаласы маңындағы Файинген-ан-дер-Энц ауданында Дін істері Түрік Ислам Одағына тиесілі Фатих мешіті қақпасына алдынғы күні сағат 23.30-да доңыздың бас-сүйегі ілінді.

Мешітке жасалған шабуыл қауіпсіздік бейне камерасына жазылып, екі адамның оқиға орнынан алыстап кеткені анықталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар