Октай Түркияның болашағы нұрлы екенін білдірді

Президенттің орынбасары Фуат Октай Түркияның дағдарыс ортасында да инвесторлар үшін сенімді мекен екенін атап көрсетті.

1413685
Октай Түркияның болашағы нұрлы екенін білдірді

Президенттің орынбасары Фуат Октай Түркияның дағдарыс ортасында да инвесторлар үшін сенімді мекен екенін атап көрсетті.

Фуат Октай Президенттік сарайдан видеоконференция жолымен қатысқан Американ Компаниялар қоғамы (AmCham Turkey/ABFT) Әкімшілік кеңесінің жиналысында баяндама жасады. 

Күллі әлемге әсерін тигізген коронавирус (Kovid-19) індеті себепті тұрақсыздықтың жоғары дәрежеге жеткенін, төтенше жағдайдан өтіп жатқанымызды ескерткен Октай індеттің жаһандық экономикада тарихтағы ең ауыр экономикалық дағдарыстың біріне дөп келтіргенін айтты.

Экономиканың барлық салаларында жаһандық ауыртпалықтар болғанына меңзеген Октай сауда қарым-қатынастары мен инвестицияларда көптеген істің бұрынғыдай жалғаспайтынын атап көрсетті.

Фуат Октай:

"Өзгермейтін шындық - Түркияның ие болған күшті өндіріс инфрақұрылымы, динамикалық жұмыс күші және нарық мүмкіндіктерімен дағдарыс ортасында да инвесторлар үшін сенімді бір ел болуы. Індеттің әсері күллі әлемде Қытай сияқты  бір ғана өндіріс орталығына тәуелді болудың жалғастыруға болатын саясат емес екенін ортаға шығарып отыр. Жаһандық компаниялар осы тұрғыдан өндіріс орталықтарын қайтадан ойластыра бастады.  Түркия көптеген салада өндіріс пен инвестициядағы орталық база болу үшін жеткілікті қабілетке ие" деп көрсетті.

Октай Түркияның індетпен күресте табысты кезеңнен өткенін білдіріп, денсаулық сақтау жабдықтарынан азық-түлікпен қамдауға дейінгі көптеген тақырыпта талапты орындауда қиыншылық тартпағанын атап өтті.   



Ұқсас жаңалықтар