Министр ДДСҰ-ның жиналысына қатысты

Кожа Тедрос Гебрейесус басшылығында өткен жиналыста Түркияның коронавируспен күресін баяндады.

1408854
Министр ДДСҰ-ның жиналысына қатысты

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры  Др. Тедрос Гебрейесус басшылығында өткен жиналыста Түркияның коронавируспен күресін баяндады. 

Видео конференция әдісімен өткен жиналыс әлемде тікелей жарияланды. ДДСҰ-ның апталық жиналысы бас директордың сөзімен басталды. 

Гебрейесус елдердің шектемелерді жайымен алып тастай бастағанына назар аударып,  осы тақырыпта мұқият болу керектігін, шектемелерді алып тастау үшін әлі ерте екенін атап көрсетті. 

ТР Денсаулық сақтау министрі Кожа да жаһандық актерлермен ынтымақтастықты жалғастырғандарын айтты.  Түркияның жағдайын түсіндірген министр емдеуде табысты нәтижелер алғандарын,  өлім мөлшерінің төмендегенін, оқиға арту жылдамдығының да баяулағанын білдірді. 

Қолданылған сақтық шаралары нәтижесінде Түркияның алғашқы өлім оқиғасынан кейін отызыншы күнде шарықтау шегіне жеткенін білдірген Кожа: “Еліміз вирус ең кеш кірген елдердің бірі, шарықтау шегіне де ерте жетті. Оқиға-өлім мөлшерлемесі тұрғысынан да Еуропаның төмен елдерінің бірі. Осы баяулау процесін жалғастыру үшін еліміз шараларды жалғастыруға ниетті” деді. 

Осы арада ДДСҰ бас директоры ТР Денсаулық сақтау министрі Кожаның әлеуметтік желіде оқырман қатарына жазылды. Ол твиттерден Кожаның жазбасын қайта жариялады.



Ұқсас жаңалықтар