ТИКА Тунистегі кедейлерге жәрдем берді

ТИКА Тунистің оңтүстігіндегі Касрин және Гафса уәлаятындағы 700 отбасына рамазан айына орай азық-түлік жәрдем жасады.

1407894
ТИКА Тунистегі кедейлерге жәрдем берді

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Тунистің оңтүстігіндегі Касрин және Гафса уәлаятындағы 700 отбасына рамазан айына орай азық-түлік жәрдем жасады. 

Барша әлемде болғандай жаңа коронавирус Тунистің экономикасына қатты ықпал жасады. Тунис экономикалық қиыншылықтарымен күресіп келді және 21 наурыздан осы таңға дейін карантин енгізді. Осы жайдайға орай ТИКА Тунистің кедей уәлаяттарына қол ұшын беріп, Тунис әлеуметтік селбесу одағының Касрин және Гафсадағы өкілдіктеріне жәрдем пакетін тапсырып берді. 

Пакет ішінде негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын ұн, қант, май сияқты азық-түліктер бар. 

 



Ұқсас жаңалықтар