Түркиядан Хафтердің өзін Ливияның мемлекет басшысы жариялауына наразылық

Түркия көтерісшіл Халифа Хафтердің өзін Ливия мемлекет басшысы жариялауына наразылық көрсетті.

1407593
Түркиядан Хафтердің өзін Ливияның мемлекет басшысы жариялауына наразылық

Түркия Ливияның шығысында көтерісшіл Халифа Хафтердің өзін мемлекет басшысы ретінде жариялауына наразылық көрсетіп, халықаралық қоғамның кешікпей тиісті жауапты қайтару керектігін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Хафтер бұл мәлімдемесімен Ливиядағы дағдарыстың келіссөз үстелінде шешімін қаламағанын, Берлин конференциясының нәтижелеріне қоса, бұл бағытта басылған халықаралық қадамдарды қолдамағанын және елде әскери бір диктатура құруды мақсат еткенін тағы бір рет ортаға қойды» делінді.

Хафтердің бір жылдан астам уақыттан бері жалғасқан шабуылдары нәтижесінде Ливиядағы гуманитарлық жағдайдың одан да күрделенгені атап көрсетілген мәлімдемеде бұл эпидемиялық ортада мұнай өндірісіне кедергі жасап, Ливия халқы мұқтаж болған медицияналық материалдарды қамтамасыз етудің де алдын алғаны және суды қысым құралы болып қолданудан бас тартпағанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Ливияда бір төңкеріс режимі құруға ниетті екені тақырыбында енді кезкелген бір күдік қалмаған бұл тұлғаға халықаралық қоғам одан көп кешікпей қажетті жауапты қайтару керек. Демократиялық ұрандар тастап жүрген кейбір елдерге қоса, өздеріне қолдау бергендердің Ливия халқының көз алдында ол жасағандарға ортақ болатындарын ұмытпаған жөн» делінді.

Хафтер соңғы кездері ұшыраған әскери шығындардың артынан кеше жасаған баяндамасында БҰҰ алдында қол қойылған «Сухейрат келісімінің күшін жойғанын және өзін мемлекет басшысы жариялағанын» алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар