Түркиядан Угандаға көмек

ТИКА Угандада көмекке мұқтаж жандар үшін мың азық-түлік пакетін тапсырды.

1406126
Түркиядан Угандаға көмек

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы коронавируспен күрес шеңберінде Угандада көмекке мұқтаж жандар үшін мың азық-түлік пакетін тапсырды. 

Түркияның Угандадағы өкілетті және төтенше елшісі Фикрет Керем Алп және ТИКА-ның Уганда координаторы Яхия Ажун ұн, фасоль, қанттан тұратын мың пакетті Уганда премьер-министрлік Жалпы істер министрі Мари Кароро Окурутқа тапсырды. 

Түркияның өкілі елшісі азық-түлік пакеттерінің көмекке мұқтаж жандарға таратылатынын айтып,  Уганда Денсаулық сақтау министрлігіне де көмектің жалғасып жатқанын білдірді. 

Министр Окурут та Түркияға Уганда Республикасы атынан алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар