Мұсылман әлемі асыға күткен қасиетті ораза ай басталды

Мұсылман әлемі Сovid-19 шаралары аясында ораза айдың алғашқы ауызын бекітті.

1404426
Мұсылман әлемі асыға күткен қасиетті ораза ай басталды

Мұсылман әлемі асыға күткен қасиетті ораза ай басталды.

Бүкіл әлемде мұсылмандар бүгін жаңа тип коронавирус (Сovid-19) шараларының көлеңкесінде ораза айдың алғашқы ауызын бекітті.

Көптеген елде ораза ай бойынша ауызашар кезінде жиналуға және топтық ғибадатқа тыйым салынды.

Түркияға қоса Азия мен Таяу Шығыс мемлекеттерінде мешіттерде жамағатпен бірге ғибадат жасау және ауызашар бағдарламалары ұйымдастыру сияқты көптеген іс-шараны қамтитын ауқымды тыйымдар жарияланды.

Әлемнің ең көп мұсылман санына ие Индонезияда діни басшылар мүміндерді үйде қалуға шақырды.

Сауд Арабиясында Сovid-19 салдарынан мұсылмандар үшін қасиетті болып қабылданған Мекке және Медине қалаларына кіріс-шығыстарға қоса қағбада жаппай ғибадат жасау мен Умра зияраттары уақытша тоқтатылды.

Бангладеште болса лауазымдылар мешітке барған адам санын азайту мақсатты шаралар қабылдады.

2020 жылы 24 сәуір күні басталған ораза ай мамырдың 23 күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар