Балалар мерекесінде балалардың видеолары жарияланады

“Түркияның балалары” акциясына рекорд деңгейде қатысушы өтінім берді.

1403572
Балалар мерекесінде балалардың видеолары жарияланады

Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) 23 сәуір Балалар мерекесі үшін ұйымдастырған “Түркияның балалары” акциясына рекорд деңгейде қатысушы өтінім берді. 

Коронавирус эпидемиясына байланысты биыл 23 сәуір Балалар мерекесін өзгерткен TRT телехикая, кино, музыка және спорт әлемінің атақты тұлғаларының қатысуымен бір акция бастаған болатын. TRT-нің хабарламасында “Видеоңды түсір, TRT-ге жолда,  23 сәуір күні сені бүкіл Түркия тамашаласын” деген ұранмен басталған шақыруға Түркияның түкпір-түкпірінен және шетелдерден 171 мың 177 видео материал келіп түсті” деп айтылды. 

Балалардың өз үйлерінде дайындаған видеолары 23 сәуір күні сағат 17-де жарияланады. 

TRT Бас директоры Ибрахим Ерен “Үйде отырған осы күндері балаларымыздың бір-бірінен тамаша видеоларын TRT экрандарынан жариялап,  Түркияға қажет көңіл күй мен энергияны бөлісеміз деп ойлаймын” деді. 

Ибрахим Ерен былай деді: “42 жылдан бері TRT 1 телеарнасында сағат 17-де басталатын 23 сәуір Балалар фестивалінің гала бағдарламасы жарияланады. Балалардың видеолары осы гала бағдарламада жарияланады. 23 сәуір күні TRT-нің барлық арналарында балаларың осы видеоларын көруге болады. TRT Балалар арнасы да эфирін көбіне осы видеоларға арнайды. Қатысу рекорды болғандықтан TRT Балалар телеарнасы 24,25 және 26 сәуір күндерінде осы видеоларды жариялауын жалғастырады”



Ұқсас жаңалықтар