112 террорист залалсыздандырылды

PKK-ға бағытталған операциялар аяқталғаннан кейін 15 сәуір күні көктем-жаз операциялары басталды.

1403335
112 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі күз-қыс операциялары шеңберінде 15 сәуір күнгі деректермен бөлшектеуші террорлық ұйымға мүше 112 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. 

Министрлік деректеріне қарағанда ел ішінде PKK-ға бағытталған операциялар аяқталғаннан кейін 15 сәуір күні көктем-жаз операциялары басталды. 

Көктем-жаз маусымында 5 мың 981 операция жүргізуді мақсат еткен министрлік осы операцияларды 1 қазан күні аяқтайды. Артынан әскери операциялар жалғасады. 

Операциялар арқылы террорлық ұйымның бұрын қолданылған баспана алаңдарында бақылауды қолға алу, тұрақты және уақытша база құру, террорлық ұйымның қозғалыс қабілетін шектеу, өңір халқының мал бағу істерінің жалғасуы және жайлауларды қолдануын қамдау, террорлық ұйымның қаржы қайнар көздерін жою мақсат етіледі. 

2019-2020 күз-қыс маусымында жоспарланған 7 мың 732-ден артық операция жүргізіліп, барлығы 7 мың 852 операция атқарылды. 

Операцияларда 112 террорист залалсыздандырылды. Бір әскер шейіт болды. 19 қауіпсіздік қызметкері жарақат алды. Сондай-ақ 738 баспана мен үңгірде 333 мина-қолдан жасалған жарылғыш, 274 қару, 451 граната мен 1338 газ баллон тәркіленді. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі де Сириядан қашқан бір террористтің Түркияның Мардин қаласында түрік әскерлеріне берілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар