Түркияның көмегі Колумбияға барып жетті

Түркия жіберген медициналық көмек Колумбия басшыларына тапсырылды.

1402394
Түркияның көмегі Колумбияға барып жетті

Коронавирус эпидемиясымен күресте қолдану мақсатты Түркия жіберген медициналық көмек Колумбия басшыларына тапсырылды. 

Колумбияның бас қаласы Боготадағы ауруханаға айналдырылған көрме алаңында Колумбия басшылығы Ынтымақтастық агенттігі ұйымдастырған шараға Түркияның Колумбиядағы өкілетті және төтенше елшісі Эдже Өзтүрік Чил, ТИКА Богота бағдарлама координаторы Мехмет Сүлкі және Богота муниципалитет төрағайымы Клаудиа Лопез қатысты. 

Өкілетті елші “Осындай қиын кезде Түркияның Колумбияға достығының бір символы осы көмек.  Көмектеріміз арқылы ауруханаларда емделіп жатқан науқастардың сауығып шығуына тілектеспіз” деді. 

Богота муниципалитетінің төрайымы Лопез “Түркия үкіметі мен елшілікке алғысымыз шексіз. Елімізге ең көп көмек берген - Түркия” деді. 

Шарада эпидемиямен күресте қолданылу мақсатты азық-түлік пакеттерімен қоса 250 аурухана төсегі мен медициналық материал тапсырылды. 

ТИКА болса Черногорияның Тузи қаласындағы 300 отбасыға азық-түлік және тазалық материалдарын таратты. 

Судандағы түріктің үкіметтік емес ұйымдары да рамазан айында елдің түкпір-түкпіріндегі көмекке мұқтаж жандарға көмек жеткізеді. 

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы,  Түркия Дін істері фонды, ТИКА және Адам құқықтары мен еркіндіктері фонды да 17 мың азық -түлік пакетін таратады.



Ұқсас жаңалықтар