Түркияда отандық тыныс алу аппараты өндірілді

Башакшехир қалалық ауруханасы қызметке берілді.

1401795
Түркияда отандық тыныс алу аппараты өндірілді

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа отандық жасанды тыныс алу аппаратының бүгіннен бастап өндіріле бастағанын айтты. 

Министр Кожа президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өткен видео конференцияда сөз сөйледі.  Ол Стамбул Башакшехир қалалық ауруханасының қызметке берілуі және отандық тыныс алу аппараттарының тапсырылуына байланысты рәсімге қатысты. 

“Қазір 100 дана. Мамыр айында барлығы бес мың дана өндірілуін жоспарладық” деді ол. 

Министр Башакшехир ауруханасының толығымен 15 мамыр күні қызмет бере бастайтынын білдірді. Аурухана толығымен қызметке берілгенде Еуропаның бір кампуста ең көп жан сақтау бөлімі болатын жалғыз емханасы болады. 

Министр: “Стамбул екі жағадағы қалалық ауруханаларымен бірге медициналық инфрақұрылым тұрғысынан да әлемнің беделді қаласы болады” деді. 

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк та мамыр айының аяғында бес мың отандық тыныс алу аппараты өндірілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар