Түркияда балалар ел жан санының 27,5 пайызын құрайды

Түркия Статистика мекемесі 2019 жылдың балалар жөніндегі деректерін жариялады.

1400007
Түркияда балалар ел жан санының 27,5 пайызын құрайды

Түркияда балалар ел жан санының 27,5 пайызын құрайды. 

Түркия Статистика мекемесі 2019 жылдың балалар жөніндегі деректерін жариялады. 

Түркияның барлық жан саны өткен жылы 83 миллион 154 мың 997 адам болды. Ал балалар саны 22 миллион 876 мың 798. 

БҰҰ-нда қабылданған ұғымға қарағанда,  балалар 0-17 жас аралығын қамтиды. 

Еуропа Одағына мүше елдерде балалар жалпы халық санының 18,6 пайызын құрайды. 

Еуропа Одағында балалар саны ең көп елдердің басында 24,5 пайызбен Ирландия, 21,7 пайызбен Франция, 21,1 пайызбен Ұлыбритания мен Швеция келеді. 

Балалар өте аз елдер қатарында 16 пайызбен Италия,  16,2 пайызбен Малта және 16,4 пайызбен Германия келеді.



Ұқсас жаңалықтар