АҚШ-тағы түрік азаматтар үшін арнайы рейс игеріледі

Түркияға орала алмаған азаматтар үшін АҚШ-тың үш қаласынан арнайы рейс ұйымдастырады.

1400621
АҚШ-тағы түрік азаматтар үшін арнайы рейс игеріледі

Түрік Әуе жолдары THY коронавирус эпидемиясына байланысты рейстер тоқтағандықтан Түркияға орала алмаған азаматтар үшін Америка Құрама Штаттарының үш қаласынан арнайы рейс ұйымдастырады. 

Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшілігі жазбаша хабарлама жариялап, АҚШ-та уақытша жүрген түрік азаматтардың Түркияға оралуы мақсатымен 23 сәуір күні Вашингтон және Лос-Анджелестен,  24 сәуірде Нью-Йорктан рейс игереді. 

Елге оралғысы келетін азаматтар билет тапсыру кезінде немесе ұшаққа отырмастан бұрын Түркияға келгеннен кейін 14 күн карантинде отыруы жазбаша түрде қабылдауы керек.

Рейс ұшатын күні Covid-19 симптомдары бар адамдар немесе одан бұрын вирус диагнозы қойылған азаматтар ұшаққа қабылданбайды.



Ұқсас жаңалықтар