Түркия Балқан елдеріне медициналық көмек жолдады

Түркиядан көмек сұраған аталмыш елдерге материалдық көмек президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен жіберілді.

1393729
Түркия Балқан елдеріне медициналық көмек жолдады

Түркия Балқан елдеріне медициналық көмек жолдады. 

Түркияның Солтүстік Македония,  Черногория, Сербия, Босния және Герцоговина, Косовоға эпидемиямен күрес үшін медициналық көмек тасыған ұшағы Анкарадан көтерілді. 

Түркиядан көмек сұраған аталмыш елдерге материалдық көмек президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен жіберілді. 

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дайындалған маска, қорғаушы киім және жылдам диагноз тестінен тұратын материалдар әскери әуежайда ұшаққа тиелді. 

Ұшақ алдымен Сербияға барады. Материал жолданған елдердің тілдерінде және түрік тілінде Мәулананың “Үмітсіздіктің артында қаншама үміт бар, түнектің артында қаншама Күн бар” деген сөздері жазылған. 

Түркия өткен аптада да Испания мен Италияға көмек жолдаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар