Ешбір вирус, ешбір эпидемия Түркиядан мықты емес

Президент коронавирустың жаңа түріне байланысты мемлекет ретінде барлық шараларды  қабылдап отырғандарын айтты.

1393904
Ешбір вирус, ешбір эпидемия Түркиядан мықты емес

Президент Режеп Тайып  Ердоған коронавирустың жаңа түріне байланысты мемлекет ретінде барлық шараларды  қабылдап отырғандарын айтты. 

Президент Ердоған: “Түркия -  соңғы 18 жылда жүзеге асқан негізгі қызмет саласындағы өзгеріс пен жаңалану процестерінің арқасында Covid-19 эпидемиясына ең дайын елдердің бірі” деді. 

“165 мың дәрігер, 205 мыңы медбикелерден тұратын барлығы 490 мың медициналық қызметкер және  360 мың қосымша қолдау қызметкерлерімен медицина саламыз өте мықты” деді ол. 

Президент: “Уайымдамаңыз,  ешбір вирус, ешбір эпидемия Түркиядан мықты емес.  Жаһандық індетке айналған коронавирусқа қарсы ел болып күресіп жатырмыз. Мемлекет ретінде барлық шараны қабылдап, ұлтымыздың денсаулығына қауіп төндірген эпидемияға қарсы барлық мүмкіндіктерді қолданудамыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар