Түркия сақтық шараларын ерте бастады

Министр Түркия мен Еуропа елдерінде коронавируспен күрес шеңберінде қолданылған шаралардың салыстыратын видео жариялады.

1392717
Түркия сақтық шараларын ерте бастады

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда коронавирустың жаңа түрімен күресте оқшаулауда табысқа жетсе,  ерте сақтық шараларының артықшылықтарынан пайдалана алатынын айтты. 

Министр әлеуметтік желіде Түркия мен Еуропа елдерінде коронавируспен күрес шеңберінде қолданылған шараларды салыстыратын видео жариялады.  Видеода коронавирусқа қарсы қабылданған шаралардың Еуропадағы күндері көрсетілгенін білдірген министр: “Еуропа елдері ішінде сақтық шараларын ең ерте қабылдаған бізбіз. Оқшаулауда табысты болсақ, ерте шара артықшылығынан пайдалануға болады” деді. 

Видеода “Еуропа елдері коронавирустың жаңа түрінің таралуының алдын алуға бағытталған жаппай шараларды өз елдерінде оқиға расталғаннан 39-54 күннен кейін бастады, Түркия алғашқы бірнеше күнде қозғалысқа өтті” деді. 

Осыған орай алғашқы оқиға Францияда 24 қаңтар күні,  Германияда 28 қаңтар күні, Италия, Испания мен Ұлыбританияда  31 қаңтар күні, Түркияда 11 наурызда тіркелді. 

Мектептер мен университеттер алғашқы оқиға тіркелгеннен Италияда 39, Испанияда 40, Ұлыбританияда 47, Германия мен Францияда  49, Түркияда болса 1 күннен кейін жабылды. 

Адамдар жиналатын мекендер Италияда 41, Испанияда 43, Ұлыбританияда  49, Германияда 48, Францияда 50 күннен кейін жабылды. Ал Түркияда 4 күннен кейін 15 наурызда бұл шара жүргізілді. 

Қоғамдық іс-шаралар болса Италияда 39, Испанияда  41, Ұлыбританияда 42, Германияда 45, Францияда 48, Түркияда  1 күннен кейін шектелді.



Ұқсас жаңалықтар