Кумсал Йылдыз жаңа типті коронавирус салдарынан қайтыс болды

Бурса Агакөйспорт клубының бақылау және қадағалау жұмыстарына жауапты директоры Кумсал Йылдыз жаңа типті коронавирус салдарынан қайтыс болды.

1389586
Кумсал Йылдыз жаңа типті коронавирус салдарынан қайтыс болды

Түркия Футбол Федерациясы 3-ші лига командаларынан Бурса Агакөйспорт клубының бақылау және қадағалау

жұмыстарына жауапты директоры Кумсал Йылдыз жаңа типті коронавирус салдарынан қайтыс болды. 

Түркия Футбол Федерациясынан жасалған мәлімдемеде "Түркия Футбол Федерациясы 3-ші лига командаларынан

Бурса Агакөйспорт клубының бақылау және қадағалау жұмыстарына жауапты директоры Кумсал Йылдыздың 

коронавирус салдарынан көз жұмғанын асқан қайғымен, өкінішпен естідік.  Кумсал Йылдыздың жатқан жері жаннат, 

топырағы торқа болсын. Мақұмның отбасына, дос-ағайындарына , Агакөйспорт клубы мен барлық спорт

ұйымдарына көңіл айтамыз" деген сөздер қолданылды. 



Ұқсас жаңалықтар