Ердоған жаңа шараларды жариялады

Түркияда шетелге барлық ұшақ рейстері тоқтады.

1386489
Ердоған жаңа шараларды жариялады

Түркияда шетелге барлық ұшақ рейстері тоқтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ғылым Кеңесінің жаңа типті коронавируспен (Сovid-19) күрес аясында жасаған ескертулеріне сай жаңа шараларды жариялады.

"Ешқандай вирсутың біздің күшімізден мықты емес екені сенімімен коронавируспен күресті ұлтымызбен бірге жалғастырудамыз" деген Ердоған ұлттың денсаулығы, тыныштығы, қауіпсіздігі мен болашағы үшін алынған жаңа шараларды бабтары бойынша жариялады.

"Мемлекеттік мекемелерде болғанындай жекеменшік кәсіпорындарында да ең аз қызметкермен ауыспалы жұмыс істеу тәсілі бастайды.

Қоғамдық көлік тасымалында алыс отыру тәртібі атқарылады.

Пикник алаңдарын, ормандар, тарихи мекендер сияқты алаңдар аптаның соңында жабық болады. Аптаның ішінде бұл жерлерде топтасып жиналуға тыйым салынады. 

Шетелге ұшақ рейстері толық тоқтатылды."

Президент Ердоған:

"Осы процесті қысқа уақытта және аз шығынмен өткізсек, алдымызда жарқын болашақ бізді күтіп тұр.  Түркия осы ауруды жеңетін күш пен мүмкіндікке, ұлтымызбен бірге жасалған шараларды мұқият атқаратын сабырлылыққа ие" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар