Президент Ердоған Үлкен 20 елдерінің басшылар саммитіне қатысты

Президент Ердоған "Сovid-19" эпидемиясының баршаның ортақ дұшпаны екенін атап көрсетті.

1386043
Президент Ердоған Үлкен 20 елдерінің басшылар саммитіне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясының баршаның ортақ дұшпаны екенін ескертті.

Президент Режеп Тайып Ердоған видео конференция арқылы Үлкен 20 елдерінің  кезектен тыс басшылар саммитіне қатысты. Ердоған әлемде эпидемия салдарынан көз жұмғандар үшін өкінгенін атап, барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Түркияның ол бастан жағдайды жіті қадағалағанын және қажетті шараларды жылдам іске қосқанын атап көрсеткен Ердоған «... Дос және бауырлас елдерге бұл қиын күндерде жалғыз қалдырмау үшін қолдан келгенше көмектесеміз. Бұл індетке қарсы діндеріміз, тілдеріміз бен елдеріміз әртүрлі болса да, бәріміздің тағдыры ортақ екеніне сенемін. Ешқайсымыздың қорғаушы және бір жақты саясат жүргізу еркіндігі жоқ. Еркін, ашық және ережелерге сәйкес халықаралық бір сауда жүйесі эпидемиямен байланысты қабылдаған шараларымыздың ықпалын азайтуда маңызды рөл ойнайды. Бұл аяда қабылдайтын шешімдер бүкіл ұлттық шаралардың Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы ережелерімен сәйкес және халықаралық ынтымақтастықты ынталандырушы болуы маңызды» деді.

Ердоған індетті бақылау және аурудың диагнозы мен емі туралы тәжірибені бөлісу керектігін атап, коронавирустың Үлкен 20 елдерінің ынтымақтастық пен татуластық рухының тағы бір рет маңыздылығын ортаға қойғанын мәлімдеді.

Президент Ердоған тіпті көптеген дамыған елдерде індетке қарсы күресте айтарлықтай қиындықтар туындағанын мәлімдеп, қақтығыстар мен соғыстардан зардап шеккен елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің толығымен жойылғанын білдірді.

Еріксіз жер аударылған адамдардың, әсіресе сириялық босқындардың эпидемияға қарсы ең қолайсыз адамдар екенін атап өткен Ердоған: «Осы уақытта мен даму жолындағы елдерге, әсіресе Африкаға көмектесу тақырыбына мән бергенімді  білдіргім келеді. Біз үшін қауіп төндіретін бұл вирус сондай-ақ біздерге адамзаттың ортақ дұшпанына қарсы бірігуге мүмкіндік береді. Түркия ретінде бұл апатқа қарсы ынтымақтастыққа дайын екенімізді атап өткім келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар