Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Түркия Кабулдегі сих ғибадатханасына ұйымдастырылған террорлық шабуылды айыптады.

1385070
Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстанның астанасы Кабулдегі сих ғибадатханасына ұйымдастырылған террорлық шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Кабулдегі сих ғибадатханасына ұйымдастырылған террорлық шабуылда көптеген адам қаза тапқан хабарға қайғырғанымыз білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Ауғанстанның көп мәдениетті құрылымын нысанаға алған опасыз шабуылды айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алладан иман тілейміз, дос және бауырлас ауған халқына шынайы көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар