Шетелде білім алған студенттер елге жеткізілді

Вице-президент Түркияға оралғысы келген шетелдердегі студенттердің эвакуацияланғанын мәлімдеді.

1384683
Шетелде білім алған студенттер елге жеткізілді

Вице-президент Фуат Октай Түркияға оралғысы келген студенттерді эвакуациялау жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

Фуат Октай твиттер парақшасынан жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күрес аясында Түркияға рейстері тоқтатылған елдерде білім алған студенттерге қатысты ақпарат бөлісті.

Елге оралғысы келген студенттердің эвакуацияланғанын атап көрсеткен Октай «Елімізге рейстер тоқтатылған Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария, Польша, Италия, Мысыр және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) білім алған және елге оралғысы келген студенттерімізді эвакуациялау барысында 2 мың 721 студентіміз Түркияға жеткізілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар