Шетелде 32 түрік азаматы қайтыс болды

Үш мыңға жуық студент елге жеткізілді.

1384756
Шетелде 32 түрік азаматы қайтыс болды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу шетелде 32 түрік азаматының жаңа типтегі коронавирустан қайтыс болғанын білдірді. 

Шетелден келген түріктерге байланысты соңғы жағдайды түсіндірген министр соңғы рет он бір рейспен сегіз елден 2 мың  721 студенттің елге жеткізіліп, карантинге жатқызылғанын мәлімдеді. 

Министр сонымен бірге шетелде 32 түрік азаматының қайтыс болғанын айтып,  жаназаларының Түркияға жеткізілетінін білдірді. Чавушоғлу кейбір елдерге жеткізілген медициналық материалдармен байланысты 69 елден медициналық материал сұранысы келгенін,  17 елге жібергендерін айтты. 

“Халықаралық қоғамның одан да көп ынтымақтастыққа мұқтаждығы бар” деді ол. 

Чавушоғлу: “Мемлекет ретінде міндетімізді атқарудамыз. Үрейге жол бермеңіз. Осы процесті бірге еңсереміз” деді.



Ұқсас жаңалықтар