Мемлекеттік лауазымдылардың Чанаккале жеңісі хабарламалары

Мемлекеттік лауазымдылар Чанаккале жеңісі мен шәйіттерді еске алу күніне орай хабарлама жариялады.

1380524
Мемлекеттік лауазымдылардың Чанаккале жеңісі хабарламалары

Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш Чанаккале жеңісінің ұлттың бірігіп, қажымас-қайрат, шыдамдылық және табандылықпен күрескен кезде барлық қиындықтарды жеңілетінінің айқын белгісі екенін айтты.

Эрбаш Чанаккале жеңісінің 105 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Отаны мен құндылықтары үшін даңқты бір көтеріліспен тарихтағы ең үлкен батырлық дастандарының бірін жазған Чанаккале жеңісінің 105 жылдығын еске салған Ербаш Чанаккале тек география ғана емес, ұлы бір нанымның, адамгершілік пен адамзаттың үміті - өркениеттің қорғанысы екенін атап өтті.

Өзінің жолдауында Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу 1915 жылы 18 наурыз күні әрі езілген халықтар, әрі адамзаттың абыройы үшін соғыс жасалғанын және жеңіске жетілгенін мәлімдеді.

Анкара губернаторы Васип Шахин өз жолдауында Чанаккале жеңісінің тек ұлттық тарихтың ғана емес, адамзат тарихындағы ең керемет батырлық дастаны екенін баса айтты.

Бұл туралы Әділет министрі Абдулхамит Гүл өзінің твиттер парақшасындағы мәлімдесінде «Бүкіл әлемді «Чанаккале өткел бермейді» деп мойындатқан барлық шәйіттеріміз бен ардагерлерімізді алғыс және Алланың рақымшылығын тілеп, еске аламыз.



Ұқсас жаңалықтар