Ердоған коронавируспен бар күшімізбен күрескенімізді жеткізді

Ердоған: "Экономикалық әкімшілігіміз бен қатысты ұйымдарымыз іскерлер әлемінің талаптарын мен көзқарастарын тыңдап, осыған сай дайындалуда" деп мәлімдеді.

1380783
Ердоған коронавируспен бар күшімізбен күрескенімізді жеткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған желтоқсан айында Қытайда ортаға шыққан жаңа типті коронавирустың (Сovid-19) Түркияға қаупінің жылдам жойылуы үшін мемлекет ретінде барлық мүмкіндіктерді аттанысқа келтіргендерін айтты.

Президент Ердоған астана Анкарада ұйымдастырылған "Коронавируспен күрес координация жиналысынан" кейін мәлімдеме жасады.

"Осының алдында жарияланған алдын алу шараларын мұқият атқарсақ, үйде отыру уақытын 3 аптаға қысқартуымызға болады" деген Ердоған:

"Ұлтымның әрбір азаматынан күтетінім - коронавирус қаупі өткенге дейін мүмкіндік төңірегінде үйлерінен шықпауы" деп көрсетті. 

Вирустың Түркияға кеш кіргенін және шекті таралғанын білдірген Ердоған осы жағдайды жалғластыру үшін барлық жұмыстардың жасалғанын айтты.

Коронавирус мәселесінің экономикалық бағытын да ойластырып отырғандарын атап өткен Ердоған: 

"2 айлық сабырлылық процесінен ойдағыдай өтетінімізге сенімім кәміл" деді.

Түркияның диагноз қою (диагностикалық анықтау) тақырыбында тамаша өндіріс күші болғанына меңзеген президент:

"Зерттеу дамыту жұмысын жүргізген Өнеркәсіп және технология министрлігіміз осы тақырыптағы барлық беделді зерттермендер мен ұйымдардың басын қосты" деп көрсетті.

Азиядан Батысқа әлем биржасы ауыр шығындалған бір кезеңде Түркияның биржа және ұлттық ақшасының табандылық көрсеткенін атап айтқан Ердоған:

"Экономикалық әкімшілігіміз бен қатысты ұйымдарымыз іскерлер әлемінің талаптарын және көзқарастарын тыңдап, осыған сай дайындалуда" деп мәлімдеді. Президент Ердоған осыдан кейін барлық кәсіпорындарға байланысты "Экономикалық тұрақтылық қалқаны" атты 100 миллиард лиралық пакеттің мазмұнын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар