Чанаккаледе шәйіттер еске алынды

Шәйіттерді еске алу және Чанаккале жеңісінің 105 жылдығына орай шәйіттер еске алынды.

1380478
Чанаккаледе шәйіттер еске алынды

Республика алаңындағы рәсімде Чанаккале губернаторы Орхан Тавлы, Босфор және гарнизон командирі адмирал Левент Керим Уча және Қала әкімі Үлгүр Гөкхан Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы қойды.

Үнсіз еске алу мен ұлттық әнұранның орындалуының артынан губернатор Орхан Тавлы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 1994 жылы 253 мың шәйітті еске алу үшін 3972 нөмірлі заңмен Чанаккалеге берген «Чанаккале өткел бермейді» жазылған алтын медальді түрік байрағына тақты.

Рәсімге Әділет және даму партиясы Чанаккале депутаты Жүлиде Искендерғлу, Ұлтшыл Қозғалыс партиясы Стамбұл депутаты Хаяти Арказ, Чанаккале 18 наурыз Университеті ректоры Проф.доктор Седат Мурат, әскери және мемлекеттік лауазымдылар ға қоса саяси партия өкілдері қатысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1915 – 1916 жылдары арасында Гелиполи түбегінде Османлы мемлекеті мен Одақтас елдер арасында өткен теңіз және құрлық шайқастары Чанаккале соғыстары деп аталады.

Чанаккаледе қол жеткізілген жеңіс Тәуелсіздік күресінде Түркия Республикасының құрылуында маңызды рөл атқарды.



Ұқсас жаңалықтар