Түрік адамсыз әуе көліктері табысқа жетті

Түркия Идлибте Ресейде жасалған әуеден қорғаныс жүйесі 8 Панцирьді Түрік қарулы адамсыз әуе көліктерімен күйретті.

1377292
Түрік адамсыз әуе көліктері табысқа жетті

Мамандар Түрік қарулы адамсыз әуе көліктерінің Сирияның Идлиб аймағындағы "Көктем қалқаны" операциясындағы табысынан кейін Ресейдің қару сенімділігі мен осы саладағы экспортының қауіпке кіруі мүмкін екені көзқарасын білдірді

Түркия Идлибте Ресейде жасалған әуеден қорғаныс жүйесі 8 Панцирьді Түрік қарулы адамсыз әуе көліктерімен күйретті.

Әуеден қорғаныс жүйелерінің атылған кездегі көріністері көп мәрте жарияланды және бұл видеолар әлемде миллиондаған кез көрілді.

Қорғаныс Саясаты аналисті Туран Огуз Панцирьлердің Түрік қарулы адамсыз әуе көліктері тарапынан оңай атылуы алдымен орыс қорғаныс жүйесіне, артынан Ресейдің барлық қаруларына деген сенімді зақымдайтынын білдірді. 

Туран Огуз Идлибте болған оқиғаларды "Ресейдің 40 жылдан бері мұқият қалыптастырған "Орыс қорғаныс жүйесі атады, алайда атылмайды" деген аңызды 40 сағатта жойды" деп бағаландырды. 

Қорғаныс өнеркәсібі зерттермені Хакан Кылыч:

"Бүгінге дейін әуеден қорғаныс жүйелерін қарулы адамсыз әуе көліктерімен атқан ел кездеспеген еді. Түркия Идлибте осы салада табысқа жетті" деді.



Ұқсас жаңалықтар